Орынбасарына сөз салған басшы тәртіптік кеңесте жауап берді
Мемлекеттік қызметкерлер ар-намыс кодексінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Бұл талаптарды бұзғандар жазаланады. Бүгін тәртіптік кеңестің кезекті отырысында осы мәселе қаралды. Өз қызметшілерінің моральдық-этикалық құқығын өрескел бұзған Шалқар ауданы бойынша салық бөлімінің басшысы Жұмағазы Жұмабаевтың ісі тәртіптік кеңесте сынға алынды. Іс бойынша аталмыш лауазым иесі орынбасары Самал Әйімбетовамен қызмет шеңберінен тыс қатынасқа түсуге әрекеттенген. Ұялы телефонына хабарламалар жазып, қоңыраулар шалып, кездесуге шақырған. Тіпті келіншекті заңды жұбайымен ажырасуға үгіттеген. Іс дәлелденсе құзіретін өрескел пайдаланған мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылуы мүмкін. |
Количество показов: 2202
Дата создания: 11.04.2014 18:47:06