Қонаев көшесіндегі көп қабатты үйлердің тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр. Себебі үй маңындағы жаяу жүргінші өтетін жол өткелі қауіпті. Жаяу жүргіншілер жолағы салынып, белгі қойылғанмен көлік жүргізушілері оған мән бермейді. Балаларын жолдың арғы бетіндегі №8-мектепке жіберетін ата-аналар олар үйге оралғанша "жанымызды шүберекке түйіп отырамыз" дейді. Себебі Қонаев көшесінің бас жағындағы осы бір жол өткелінен көлік иелері жоғары жылдамдықпен жүйткиді. Салдарынан бірнеше рет жаяу жүргіншілер зардап шеккен. Тұрғындар бұл жерге бағдаршам орнатуды сұрап құзыретті органдарға талай арызданған. Алайда, ешқандай жауап ала алмаған.
Тұрғындардың мәселесі бойынша, облыстық полиция департаментінің өкілдеріне хабарластық. Олардың айтуынша, аталған жол бойына жасанды кедергі орнатуға рұқсат етілмейді. Дегенмен, жуық арада бұл жерге бағдаршам орнатылатынын айтты.
Тұрғындардың мәселесі бұл ғана емес. Олар жергілікті биліктен балалардың мектепке барар жолын жарықтандыруды сұрап отыр. Әсіресе қыс-көктем мезгілінде қараңғы жерлермен өту кішкентай балалар үшін қауіпті. Оның үстіне үй маңын қаңғыбас иттер қаптаған.
Количество показов: 578
Дата создания: 16.03.2022 19:21:31
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>