Облысымызға жұмыс сапармен Үкімет басшысы Әлихан Смайылов келді
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қалада алғаш ат басын бұрған мекеме "Білім" мектеп-гимназиясы. Премьер-министр ғимарат ішін толық шолып шығуға тырысты. Бірінші сынып оқушыларына арналған кабинеттердің жабдықталуын көрді. Биыл мұнда бірінші 23 класс жасақталған.Жаңадан ашылған "Білім" мектеп-гимназиясы 1200 орындық. Үкімет басшысы білім ордасының заманауи техникамен жабдықталғанын атап өтті. Ашылғанына көп уақыт болмаса да, оқу бағдарламасынан бөлек бұл жерде 30 әртүрлі үйірме жұмыс істеп тұр. Оқушылардың спортпен, шығармашылықпен айналысып, зияткерлік қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік қарастырылған.Облыста үш ауысымда бала оқытатын мектептер әлі де бар. 5 мектептің ғимараты апатты жағдайда. Осы жылдың аяғында осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 11 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Үкімет басшысына 2025 жылға дейін өңірде 54 жаңа мектептің құрлысы аяқталып, ол жерлерде 30 мың бала оқитынын айтты.
Количество показов: 740
Дата создания: 13.05.2022 21:01:12