Облыстық ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан адамдарды құтқарды
Байғанин ауданында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында 40 көлік қар құрсауында қалып қойды. Құтқарушылардың көмегімен 57 адам, оның ішінде 2 бала Жарлы ауылына эвакуацияланды. Ал Хромтау ауданында Абай ауылынан 14 шақырым жерде және Никельтау станциясына жақын маңда 8 автокөлік бұзылып, 7 адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның 2-уі бала.Барлық жағдайда жүргізушілер дауылды ескертуді елемей, көліктің техникалық жағынан жарамды екеніне көз жеткізбей, алыс жолға шыққан. Облыстық ТЖД қызметкерлері мен жол сақшылары өз өмірі мен жақын адамдарының өміріне қауіп төндірмеу үшін облыс тұрғындарына сапарға шықпас бұрын ауа райына қатысты ақпаратқа қанық болып, қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтауды ескертті.
Аталған ақпараттарды 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы нақтылауға болады.
Количество показов: 661
Дата создания: 11.03.2022 18:38:18