Облыстық сот тоғыз ай көлеміндегі жұмыстарын қортындылады
Келер жылдан бастап кейбір әкімшілік істер қылмыстық іс ретінде қаралатын болады. Егер заң қатайса, көлікті мас күйінде басқаратындардың қатары азаяды. Дерекке сүйенсек, жыл басынан бері фемида қызметкерлері 4021 қылмыстық істі қарады. Атқарылған азаматтық және әкімшілік істердің қатары одан да көп. Медиаторлардың араласуымен 129 қылмыстық және 57 азаматтық іс өзара бітімгершілікпен аяқталған. Жыл басынан 781 ақтөбелік үстінен түрлі деңгейдегі қылмыстық іс қозғалды. Тағылған айып расталып, оның 42 пайызы бас бостандығынан айрылған. Он сегіз ақтөбелік сотпен ақталып шықты. Он алты іс прокурорлардың қайта тергеуіне жолданған. Сотталушылардың дені- ұрлық жасаған, тонаумен айналысқан. Қасақана денсаулыққа зиян келтіргендері де жетіп артылады. Биыл облыста сондай-ақ, 13 мың 841 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Мас күйінде көлік айдап, сот шешімімен жүргізуші көлігінен айрылып жатқандары көбейіп кетті. |
Количество показов: 1826
Дата создания: 07.11.2013 17:50:27