Облыстық сот: Оқ атқан жігіт кінәсіз.
20 жастағы Талғат Қуанбайдың өліміне қатысы бар деп айыпталып, кейін алқа билер ақтап алған Нұржан Қалдыбаевқа қатысты іс бойынша бүгін облыстық соттың баспасөз қызметкері түсініктеме берді. Гүлзия Мақсатқызы таратқан баспасөз-парағында күдіктінің шолақ мылтықтан төрт рет оқ атқандығы айтылған. Соған қарамастан, алқа билер дауыс беру нәтижесі бойынша Қалдыбаев кінәсіз деген тұжырымға келген. Естеріңізге салсақ, өткен жұма күні марқұм жігіттің анасы мен туыстары сот ғимаратының алдында наразылық шарасын өткізіп, сот үкімімен келіспейтіндіктерін білдірді. Талғат Қуанбай былтыр тамыз айында Заречный ауылындағы аялдамалардың бірінде оқ тиіп, қайтыс болған. Оның өліміне қатысы бар деп ұсталған Нұржан Қалдыбаевтың кінәсі дәлелденбей, ол осы жылдың қаңтар айында сот залынан босап шықты. |
Количество показов: 1700
Дата создания: 14.04.2014 18:23:55