Облыстық санавиацияның АН-2 ұшағы былтыр 44 шақыртуға ұшты
Өткен жылы санавиация дәрігерлері 44 рет әуеге көтерілсе, соның 26-сында балаларға медициналық көмек көрсеткен. Соңғы кезде жаңа туған шараналарда салмағы аздық, айы-күні жетпей туылу, туа біткен жүрек ақауы, бас-ми жарығы жиі байқалады. Облыстық санавиация меңгерушісі Зинаида Бисембаеваның айтуынша, жол-көлік оқиғалары да көптеп орын алуда. Науқасты тасымалдауға болмайтын жағдайлар да кездеседі. Ондай кезде хирургтар отаны сол жерде жасайды. Санавиация шұғыл шақыртуларға әркез сақадай сай дайын тұруы тиіс. Оған материалдық-техникалық жағдайымыз жетеді, дейді Зинаида Бисембаева. Дәрігерлер қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Өкпені жасанды желдеткіш, электрошокер, жүкті әйелді босандыруға қажетті құралдар, бәрі бар. Санавиацияның ұшағы да науқастарды тасымалдауға ыңғайлы етіп жарақтандырылған. Шұғыл шақырту түскен жерлерге дәрігерлер АН-2 ұшағымен жетеді. Зинаида Бисембаеваның айтуынша, бұл уақытты үнемдеуге қолайлы. Сондай-ақ, науқастың жағдайына қарай аудан, облыс орталығына тасымал көлікпен, тікұшақпен де жүзеге асырылады. Облыстық санавиация өткен жылды өте жоғары көрсеткіштермен қорытындылаған. 44 шақыртуға ұшқан. Науқастарға тиісті дәрігерлік көмек көрсетілген, бәрі-дін аман. Республиканың өзге өңірлері арасында медициналық көмек көрсету жағынан алдыңғы қатарда тұр. |
Количество показов: 1826
Дата создания: 23.01.2014 18:54:28