Облыстық прокуратура өткен жылы атқарылған істердің есебін жариялады
Облыстық прокуратурада өткен жылдың есебі тыңдалды. Прокуратуралық ықпал ету шараларының арқасында былтыр 8,2 миллиард теңге мемлекет қазынасына құйылды. Мұнай ұрлау дерегі бойынша 115 қылмыстық іс қозғалған. Өткен жылы қара алтынды қолды қылудан мемлекетке келтірілген шығын 3 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ жалған кәсіпкерлік бойынша 7 компания үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл команиялардың айналымда 30 миллиард теңге ақшасы болған. Оның 2 миллиард теңгесі мемлекеттік қазынадан бөлінген қаражат. Қазіргі таңда қаржыны қайтару жұмыстары атқарылуда. Сатып алған жер телімдерін уақытында, мақсатымен игермегендер де жауапкершіліктен құтыла алмайды.Адам құқықтарын қорғау жөнінде былтыр бірқатар шаруа еңсерілген. 3 мыңнан астам тұтынушыдан ауыз су үшін алынған ақы мөлшері тиісті сомадан артық болған. Прокурорлардың араласуымен ақтөбеліктер асырып төлеп жіберген ақшасын қайтарып алды. Мұнымен қатар «Востокнефть» және «Ұлы қабырға» кәсіпорындарының жұмысшыларына төленбей келген экологиялық үстемақы өндірілді. Осылайша 356 қызметкерге 250 миллион теңгеден астам жалақы төленген. Бірқатар компаниядағы шетелдік жұмысшылар мен жергілікті жұмысшылардың жалақысы теңестірілді. |
Количество показов: 1798
Дата создания: 13.01.2014 19:23:20