Облыстық полиция департаментінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі мәселесіне арналған жиын өтті
Азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда. Бүгін облыстық полиция департаментінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі мәселесіне арналған жиын өтті. Шараға қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Тараптар құқықтық тәртіпті бірлесіп жақсартпақ. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету-басты міндет. Өңіріміздегі кириминогендік ахуал мәз емес. Ұрлық, бұзақылық деректері көп. Ал жол жүру ережесін елемейтіндер күн санап артып отыр. Мұны жою үшін кешенді шаралар атқарылуы тиіс. Тәртіп сақшылары билік өкілдері мен депутаттарды да осы іске атсалысуға шақырды. Комиссия отырысында балалардың қауіпсіздігі де айтылды. Алда 3 ай жазғы демалыс келе жатыр. Кәмелетке толмағандар таңнан кешке дейін бос болады. Жұмыста жүрген ата-ана баласын қадағалай алмауы мүмкін. Осы ретте полицейлер балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру керектігін айтады. Ол үшін білім беру мекемелері балалардың барлығын 100 пайыз үйірме, лагерьмен қамтыса екен, дейді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бейне- бақылау жүйесін кеңінен пайдалану қаладағы құқық бұзушылықтың деңгейін айтарлықтай төмендетіп отыр. Мәселен, қоғамдық орындардағы қылмыстар 21 пайызға, қала көшелеріндегі қылмыстар 32 пайызға азайды. Алайда жол-көлік апаттары азаяр емес. Бейне-бақылау камералары әр аудан мен аулаға қажет. Барлығы қаржыға тіреледі. Бүгінгі жиынның мақсаты да осы. Билік өкілдеріне құқыққорғау саласының мұң-мұқтажын жеткізу, дейді полицейлер.Количество показов: 692
Дата создания: 19.05.2023 07:44:21