Облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан үшінші үшем дүниеге келді
Облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан үшінші үшем дүниеге келді. Екі күн бұрын туылған шараналардың жағдайлары қалыпты, анасының денсаулығы да жақсы. Облыстық перинаталдық орталықта шала туған сәбилерге ерекше күтім жасалуда. Қыз балалардың есімдері Әмина, Медина, Фатима. Дәрігерлер кесер тілігімен босанған анаға да, балаларға да әлі біраз уақыт ерекше күтім қажет болатынын айтады. Нәрестелердің салмағы 2 келіден сәл асып туған. Перинаталдық орталықтан үйге сәбилер қалыпты салмаққа жеткен соң ғана шығарылады. Үшемдердің ата -анасы Темір ауданында тұрады. Медина, Фатима мен Әминаның аналары Жайнагүл Қалила жеке кәсіппен айналысады екен, жасы 24- те.
Бұл келіншектің екінші жүктілігі. Нәрестелер ЭКО-ның көмегінсіз дүниеге келген. Облыстық перинаталдық орталықта шала туған сәбилерге күтім жасауға мүмкіндіктер көп. Бұл жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген үшінші үшем. Жалпы соңғы он айда орталықта 6800 сәби туылса, олардың 100- ден астамы егіздер. Ал, дәрігерлер соңғы екі жылда туу көрсеткіші біршама өскенін айтады.
Количество показов: 701
Дата создания: 17.11.2022 19:55:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>