Облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітін жөндеу жұмыстары басталды
Облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітін жөндеу жұмыстары басталды. Әуелі ғимараттың баспалдағы жаңартылмақ. Мамандар сметалық-жобалық құжаттарын әзірлеп, жұмысты 36 млн.теңгеге бағалаған. Құрылыс материалдары дайын. Жөндеу жұмыстарын қаржыландырып жатқан қарапайым қала тұрғындары мен жеке кәсіпкерлер. Жанар Датқызы әңгімелейді. Шаһарымыздың қақ ортасында орналасқан облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітіне күрделі жөндеу қажет. Алланың үйі 14 жыл бұрын салынған. Оны жүргізу қыруар қаражат пен қолынан іс келетін азаматтарға тіреліп тұр. Бір ғана баспалдағын қалыпқа келтіруді құрылысшылар 36 млн теңгеге бағалапты. Қаржы облыс тұрғындарының көмегімен жиналуда. Баспалдақ күзге дейін жаңартылуы тиіс. Қалған жұмыстар қаржының жиналуы мен уақыттың еншісінде. 3500 адамға шақталған Алланың үйіндегі медресе, "Руханият" музейі мен асханаға да жөндеу қажет. Ал жауын-шашын күндері мешіттің төбесінен су ағып, қабырғасы, еденіне дейін ылғал тартып тұрады. Мұндағы аты бар да, заты жоқ лифт біраз жылдан бері істемей тұр. Әсіресе мүгедектер мен қарияларға көтерілу қиын. Бұдан бөлек мешіттің төбесі, дәрет алатын және құран оқитын бөлмелері мен төменгі қабаты бар. Облыс тұрғындары ниет білдіріп, ақшалай көмек көрсетіп жатыр. Әркім шама-шарқына сай ақша аударып жатыр. Олардың ішінде кәсіпкерлер де бар. Осы орайда мешіт әкімшілігі халықтың алаяқтарға алданып қалмауын ескертеді. Мешіт қызметкерлеріне алдымен хабарласқан жөн. Айта кетейік, "Нұр Ғасыр" мешітінің жөндеу жұмыстарына қаржылай қолдау көрсету жалғасуда.Количество показов: 721
Дата создания: 21.06.2022 15:00:03