Облыстық қоғамдық бақылау комиссиясы КА-168/1 мекемесінде болды
«Қасіретті қаңтардан» кейін елімізде құқыққорғау органдарының, соның ішінде полиция қызметкерлерінің ұсталғандарға қарсы қатаң іс-әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар легі толастар емес. «Азаптады», «ұрды-соқты», «өлгендердің өзін қабірден қазып алып жатыр» деген жантүршігерлік әңгімелер тараған сайын халықтың да ашу-ызасы үдей түсуде. Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу Алматы, Шымкент қалаларында және Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарында жүргізілуде. Себебі дәл осы аймақтарда адамдар өлімдері орын алды. Бүгін облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Бақтығұл Қанатов КА-168/1 мекемесінде болып, қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты қамауда отырғандардың жағдайымен танысты. Айыпталушылардың құқықтарының сақталуын, медициналық-санитарлық көмектің қай деңгейде көрсетіліп жатқанын тексерді.
Қаңтар оқиғаларынан кейін адам құқығын аяққа таптап, әділдік пен адамгершілік дейтін қағидаттарды құнсыздандырып жіберген оқиғалар қоғамда тым көбейіп кеткені ақиқат. Себебі алаңға шыққандардың арасында бейбіт шерушілермен қатар митингті өздерінің арам мақсаттарына пайдаланып кеткен бұзақылар да бар. Осылардың аражігін ажырату, ақ-қарасын анықтау – бүгінгі күннің басты мәселесі болып тұр.Бұл ақтөбедегі "Бесінші абақты" аталып кеткен КА- 168/1 тергеу изоляторы. 500 адамға шақталған мекемеде қазір 360 адам жатыр. Қамауда отырғандардың 16-сы қаңтар оқиғасына қатысты істі болғандар. Ақпан айының басында 4 адамның жазасы жеңілдетіліп, үйқамаққа ауыстырылған. Заңсыздықтарға шектеу қою мақсатында арнайы құрылған комиссия мүшелері мұндағы жағдайды үнемі бақылап отырады. Облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Бақтығұл Қанатов қаңтар айынан бері үшінші мәрте бас сұғып отыр. Бүгін дайындалып жатқан ас мәзірімен танысып, жуынатын бөлмелерді аралады. Облыстық қоғамдық бақылау комиссиясы мүшелері мекеменің жағдайын көзбен көріп қана қоймай, мұнда отырғандармен жекелей тілдесе алады. Кездесу барысында қалаған сұрағын қоя да алады. Аталған комиссияға қаңтар, ақпан айынан бері бірде-бір арыз-шағым түспеген. Комиссия төрағасы Бақтығұл Қанатов тергеу изоляторларында отырғандарды азаптап, қылмысты мәжбүрлеп мойындатып жатыр деген әлеуметтік желілер арқылы тараған ақпараттарға қатысты ауызша да жазбаша да түсініктеме сұратқанын айтады. Бірақ жекелей азаматтардан шағым болмапты.
Ішкі істер министрлігінің таратқан ақпаратына сәйкес, қаңтардағы бүліктер кезінде Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларында 1 466 әртүрлі үй-жайларға шабуыл жасалды, оның ішінде 71 мемлекеттік мекеме зардап шекті. 12 әкімшілік ғимарат пен 27 полиция объектілері бүлінді. 700-ден астам автокөлік қиратылып, жойылды. 500-ден астамы полицияның, қорғаныс және төтенше жағдай министрліктерінің жедел жәрдем және өзге органдардың қызметтік көліктері жанып кетті. 116 жеке адамның көлігіне зақым келген.
Количество показов: 844
Дата создания: 17.02.2022 18:10:22
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>