Облыстық мемлекеттік архивіне 100 жыл.
Облыстық мемлекеттік архивтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шара "Ақтөбе облысының мемлекеттік архивіне - 100 жыл" кітабының тұсаукесерімен басталды. Кітаптың тұсау кесер рәсіміне облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты. Сондай - ақ, облыстық мемлекеттік архивтің ардагерлері мен қызметкерлері марапатталды.Қала тұрғындарына 100 жылдық тарихы бар облыстық мемлекеттік архивтің тарихынан сыр шертетін "Архив - ел тарихының шежіресі" атты бейнефильм көрсетілді. Бейнефильмде облыстық мемлекеттік архивтің құрылған жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі еңбектер, сақталған мәліметтер мен тың зерттеулер көрсетілді.Конференция барысында "Шетелдік архивтердегі құнды құжаттар" атты көрме ұсынылды. Онда облыс архивінің жетістіктері туралы фото көрме жасақталған. Ресей Федерациясы архивтерінен, Орынбор облысының мемлекеттік архивінен, Башқұртстан Республикасының Ұлттық архивінен әкелінген құжаттардың көшірмелері қойылды. Сондай - ақ, "Архив - 2025" кешенді іс - шаралар аясында облыстық мемлекеттік архивтің даму жолындағы алдағы жоспарлары талқыланды.Количество показов: 371
Дата создания: 17.11.2023 22:53:15