Облыстық әкімдіктің жиын пунктіне жақын орналасқан үй тұрғындары дау көтерді
Бұл мекеме әскерге сарбаз қабылдап, оларды елдің түкпір-түкпіріндегі әскери бөлімдерге аттандырумен айналысады. Ғимарат тұрғын үйлердің арасында орналасқан. Отан қорғауға шақыртылған жігіттер жиналып келіп қалғанда айналадағы үй тұрғындарынан маза қашады екен. Өйткені сыртта сағаттап кезегін күтіп тұратын бозбалалардың шуы былай тұрсын, үй ауласын бүлдіріп кетеді екен. Одан қалды әскерге балаларын шығарып салуға келетін ата-аналар көліктерін қойып, аулада аяқ басарға орын болмай қалады, деп шағынды тұрғындар. Талай рет облыстық, қалалық әкімдікке хат жазған тұрғындар әлі күнге дейін нақты жауап ала алмаған. Оларға атқарушы билік өкілдері қорғаныс министрлігінің құзырындағы мекеме үшін жауап бере алмайтындықтарын айтыпты.
Количество показов: 1010
Дата создания: 22.04.2022 17:50:41