Облыстық драма театрында премьера
Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында премьера. Театр сахнасында бүгіннен бастап қарағандылық режиссер Айбек Қырықбаевтың "Махаббат соты" қойылымы жүріп жатыр. Белгілі жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың жастардың өмірін суреттейтін пьесасы қалың көпшілікке ұнап жатса театрдағы қойылымдардың қатарына енбекші. "Махаббат соты". Басқаша қыз жиырмаға толғанда деп те атауға болады. Жас қыздың баянсыз сезімін суреттейтін қойылым желісі қазіргі заманнан алынған. Басты рөлдегі жас қыз өзіне ғашық болған бірнеше замандасына таңдау жасай алмайды. Театр қойылымдары көңілдерінен шықпай ма, әлде ақтөбелік көрермен құлықсыз ба әдеттегідей бүгінгі қойылымда көрермен аз. Ғимараты бірер жыл бұрын жөндеуден өткен театрдың сахнасы заманға лайықты. Әйтседе өңірдегі жалғыз ғана Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрына шебер режиссерлер мен жас әртістер қажет-ақ. Қарағанды театрының режиссері Айбек Қырықбаев театр табалдырығын енді аттап, спектакль қоюға тырысып жатқан жас режиссерлерді үнемі қолдап отыру қажет деген пікірде. Ешкім бірден Шәкен Айманов немесе Әзірбайжан Мәмбетов болып кетпейді. Сондықтан театрға жас мамандарды тартып, шығармашылық орта қалыптастыра білсек дейді қарағандылық маман. |
Количество показов: 2121
Дата создания: 12.02.2014 19:12:38