Облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде ашық есік күні өтті
Бүгін облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде ашық есік күні өтті. Мекемеге келген тұрғындар мазалаған сұрақтарын мамандарға қоюға мүмкіндік алды. Департамент қызметкерлері "Жұмыспен қамту- 2020" жол картасы бағдарламасы және зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндірді. "Жұмыспен қамту -2020" бағдарламасы үш бағытта жүзеге асады. Оның алғашқы сатысында инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамту көзделген. Облыс бойынша бұл бағытта жоспарланған 66 жобаның басым бөлігі жүзеге асқан. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Аман Жекеевтің айтуынша, соңғы уақытта өз кәсібін ашуға бетбұрғандар көп. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша микро несиелер бөлу қарастырылған. Бұл бірінші кезекте, кәсібі шатқаяқтап тұрғандардың жағдайын түзеуге оңтайлы әдіс. |
Количество показов: 1955
Дата создания: 08.11.2013 19:02:25