Облыстағы жалған кәсіпкерлердің кесірінен мемлекетке 60 млрд. теңге шығын келді
Көлеңкелі экономикаға әуес компания алысқа бармайды. Өткен жылы жүргізілген прокурорлық тексеру кезінде жалған кәсіпкерлікпен айналысқандарға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды. Прокурорлар мемлекетке келтірілген шығын 60 млрд. теңге деп отыр. Жалған кәсіпкерлердің кесірінен жыл сайын облыстық қазына салықтық төлемдерден түсетін 5 млрд. теңге қаражаттан қағылып отырған. Қулық-сұмдығы көп компаниялардың айла-амалдарын анықтау үшін прокурорлар екінші деңгейлі банктерге сұраныс жіберген. Құжаттардан күдік тудырған компаниялардың қаржылық операциялары қалай жүргізілгендігі анықталды. Прокурорлардың айтуынша, компаниялар қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруда контрагенттердің көмегіне жүгінген. Олардың арасында шетелдік компаниялар да бар. Жиында салық мекемелерінің жұмысына сын айтылды. Облыстық прокуратураның 1- басқарма басшысы Маратбек Мырзамұратовтың айтуынша, 2012 жылы салық органдары камералды бақылау жүргізбеген. Бақылаудың бұл түрін салық қызметтері салық төлеушінің есебін сараптау нәтижесіне сүйеніп жүргізеді. |
Количество показов: 1698
Дата создания: 21.01.2014 19:49:22