Облыстағы қалған үш ауданға газ тарту жұмыстары басталады
Облыста саяси ахуал- тұрақты. Ақтөбе - ел экономикасының дамуына үлес қосып отырған өңірлердің бірі. Инвестиция көлемі жөнінен үшінші орында тұр. Бүгін халық алдында есеп берген өңір басшысы Архимед Мұхамбетов осылай деді. Облыс әкімін3ң айтуынша, өңіріміздің инвестициялық әлеуеті артпаса, төмендемеген. Өткен жылы жарты триллион теңге көлемінде инвестиция тартылған. Өнеркәсіптің өндімділігі 102,5 пайызға артқан. Дегенмен, нарықтағы металл бағасының төмендеуі тау-кен өнеркәсібіндегі көрсеткіштерге салқынын тигізбей қоймады. Болашақта Ақтөбенің шыны ыдыстар шығаратын, мәрмәрді өңдейтін, металл құрастырмалар және құрылыс материалдарын шығаратын өз зауыттары болады. Бұған облыста индустриалды аумақ құру арқылы қол жеткізуге болады дейді облыс әкімі. Сол үшін ағымдағы жылы аумаққа инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізуге 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. Шалғайдағы ауыл халқының жағдайына оралсақ. Облыстағы 12 аудан орталығының тек сегізі ғана көгілдір отынмен қамтылған. Орта және шағын бизнесті қолдаңдар. Облыс әкімі аудан әкімдеріне осындай тапсырма берді. "Бизнестің жол картасы" бағдарламасын кеңінен насихаттау керектігін айтты. Өткен жылы орта және шағын бизнес субъектілерінен бюджетке 115,6 млрд теңге салық жиналды. Пәтермен қамту, тұрғын үй тұрғызуға жер бөлу, ауыз су және әлеуметтік мәселелер. Облыс тұрғындарын жиі мазалайтын сауалдар- осылар. Биыл облыс әкімінің есебі қарсаңында арнайы қойылған жәшіктерге 58 ұсыныс-пікір түскен. Соның көбісі- жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты. |
Количество показов: 1826
Дата создания: 22.02.2014 14:26:22