Облыста өрт көбейген
Жыл басынан бері облыста 230 өрт тіркелді. Тілсіз жаудан 8 адам қаза тапқан. Тоғыз адамды термикалық күйік шалып, ауруханаға түскен. Материалдық шығын да аз емес. Мамандардың айтуынша, тұрғындар қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарайтын болса өрт қаупі артуы мүмкін. Өңірде өрт қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 209 мобильді топ құрылды. 400 ден астам рейд жүргізілді. Нәтижесінде 422 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал 50 адам айыппұл түрінде 3 187 050 теңге сомасында өтеген. Облыста жазғы кезеңде өрттің алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Өңірде 41 өрт сөндіру бекеті құрылды. Өрт сөндірушілер 200-ден астам арнайы және көмекші құралдармен жабдықталған. Тұрғындар аталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 336-бабына сәйкес 69 000 теңге айыппұл төлейді.Количество показов: 710
Дата создания: 14.06.2023 06:03:33