Облыста ұн тапшылығы жоқ
Ал біздің қаладағы ірі сауда желілерінде ұннан тапшылық байқалмайды. Мұнда 2 келілік жоғары сұрыпты ұн бағысы 489 теңгеден басталады. Ал 10 келілік ұнның бағасы 4200 -ден 6600 теңгеге дейін саудалануда. Диірменшілер ауыл шаруашылығы министрлігінен Қазақстаннан бидай экспортын тоқтатып, қорларды түгендеуді талап етіп отыр. Бұған дейін ішкі нарықтағы бағаны қазақстандық ұн өндірушілер пайдаланған арзанырақ ресейлік бидайдың импорты ұстап тұрған. Енді Ресей астық экспортын толығымен тоқтатқаннан кейін біздегі зауыттар да жұмысын тоқтата бастады. Ал ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда астық тапшы деген ақпаратты жоққа шығарды. Республикада бидай жеткілікті. Сондықтан азаматтарды дүрлікпеуге шақырамын, деді Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна бидай бар. Вице-министр ішкі қажеттілікті ескерсек, бұл көлем елді қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті. Тіпті, астықтың бір бөлігін экспортқа да шығаруға болады. Сапаровтың айтуынша, мәселе бидай тапшылығында емес, бидай бағасында.Айтуынша, ішкі нарықта тапшылық туғызбау үшін ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 1 сәуірден 15 маусымға дейін ұн мен бидай экспортын квоталау туралы шешім қабылдаған. Бидайға квота көлемі – 1 млн тонна, ал ұнға – 300 мың тонна. Өңірлерде бидайға инвентаризация жүргізіледі.
Количество показов: 596
Дата создания: 11.04.2022 18:15:43