Облыста бағаны бақылайтын жұмыс топтары құрылды
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен шаһар басшысы Ерхан Омаров қаладағы негізгі тұтыну тауарларының бағасына шолу жасап, көкөніс қорын тексерді. Қаланың қақ ортасындағы қасбеті әсем безендірілген ғимарат өткен-кеткеннің көзіне түсіп тұр. Құрылысы бірнеше жылдар бойы жалғасқан нысан 5 жұлдызды қонақ үй болады. Құрылысты қолға алған компания акционері Самат Ормағамбетов өңір басшылығына бүгін нысан 90 пайызға дайын деп баяндады. 48 миллион доллар қаражатты құрылысқа жергілікті инвесторлар жұмсаған. Ал «Шератон» деп аталатын қонақ үй желісі жобасының иелері АҚШ-тан. Әлемде мұндай қонақ үйлер 1600. Қазақстанда әзірге тек Ақтөбеде бар. Қыркүйек айына жақын 5 жұлдызды қонақ үй пайдалануға беріледі. Самат Ормағамбетов ең арзан бөлме тєулігіне 200 доллар тұратын болады деп сендірді. Қазір басты назар азық-түлік бағасында. Бүгін қаладағы бірқатар нысандарды аралауға шыққан қос әкім «Дина» гипермаркетіндегі сөрелерге көз сүзіп көрді. Көрер көзге бағаларда өзгеріс байқалмайды. Бәрі бұрынғысынша. Монополияға қарсы күрес инспекциясы да қазір тергеу жұмыстарымен айналысып жатқан көрінеді. Инспекция басшысы Салауат Вахитов бірнеше жерде тексеру жүргізілгендігін, бағаны негізсіз көтерудің байқалғандығын жасырмады. Көкөніс қоймаларында сәуірге дейін жететін қор сақтаулы. Коммуналдық базарлар қамтамасыз етіліп жатыр. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов 4 жұмыс тобының құрылғандығын жеткізді. Негізгі 4 бағытта жұмыс жасап жатыр. Алдымен азық-түлік бағасы бақылауда. Жанар-жағар май, дәрі-дәрмектер құны да назарда. Одан кейін валюта бағамына тексеру жүргізіліп тұрады. |
Количество показов: 1929
Дата создания: 18.02.2014 21:27:55