Облыста ғалымдар мен зерттеушілердің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасалады
Жалпы "Ақталуға жатпайтын тұлғалардың мұрағаттық қылмыстық істері" бойынша 600-ден астам іс сақталған. Бүгінде комиссия мүшелері 194 қылмыстық іс құжаттарын қарап, мемлекеттік комиссияға репрессияланған 242 адамды ақтау туралы ұсыныс жолдады. Биыл комиссия құрамындағылар Ырғыз, Темір, Байғанин, Ойыл аудандарына экспедиция жасады. Комиссия құрамында 43 адам бар. Комиссия жұмысының барлық бағытын толық қамту үшін 9 жұмыс тобы құрылды. Жиын барысында комиссияның 13 мүшесіне жабық және арнайы архивтерде жұмыс істеуге рұқсат берілгені айтылды. Отырыста облыс басшысы Оңдасын Оразалин ғалымдар мен зерттеушілердің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасалу керектігін тілге тиек етті. Биыл өңірлік комиссиялардың қызметін жандандырып, зерттеу жұмыстары мен олардың қызметін қаржыландыруға 18 миллион теңге бөлінді. Биылғы жасалған жұмыстар Дания, Моңғолия, Ресей, Түркия елдерінің архивтерін ақтару, зерттеу жүргізумен жалғасуы тиіс. Отырыста осы жөнінде сөз қозғалды. Облыс басшысы келесі жылға бөлінетін қаражат сомасын белгілеп, зерттеу жұмыстарын жалғастыруға тапсырма жүктеді. Сондай-ақ келесі жылы саяси қуғын-сүргінде ақталған азаматтардың атына көше берілуі мүмкін.
Количество показов: 556
Дата создания: 02.12.2021 18:50:57