Облыста 500-ден аса адам созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан
Созылмалы бүйрек ауруын емдеудің бір жолы ағза трансплантациясы. Бірақ донор жетіспеушілігі дүниежүзілік проблема. Қазақстанның өзінде соңғы 5 жылда кезекте тұрған жүздеген науқас донорлық бүйрекке қол жеткізе алмай көз жұмған. 9 наурыз "Дүниежүзілік бүйрек күні". Осы датаға орай Ақтөбе медициналық орталығында кардиолог, алғашқы медициналық көмек қызметі өкілдері, нефролог, трансплантологтардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында созылмалы бүйрек ауруының алдын алу, емдеу, трансплантология мәселесі кеңінен талқыланды. Бүйрек ауыстыру елде тегін жүргізілетін операция. Бірақ, донорлар тапшы. Тіпті жоқтың қасы. Көп жағдайда донор науқастың туыстары арасынан іздестіріледі. Ағзаларды сәйкестендіру қиын. Сондай-ақ, өлім аузында жатқан адамдардың да ағзаларын алу тәжірибесі бар. Оған да тараптардың келісімі қажет. Дәрігер өздігінен ештеңе шеше алмайды. Еліміз бойынша донорлық бүйрекке 5000-ға жуық науқас кезекте тұр. Қаңтарда 32 адам көз жұмған. Төртеуі біздің облыстан.Өлім аузында жатқан адамның бүйрегін трансплантациялау соңғы рет Ақтөбеде 2018-ші жылы жасалған. Бүйрек - адам ағзасының ең осал, үнсіз, еңбеқор органы. Дүниежүзінде созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын адамдар шамамен 15%- ды құрайды. Биылғы жылғы қорытынды бойынша бүйрек алмастыру терапиясын қажет ететін ақтөбелік науқастардың саны 511 адамды құрайды.
Количество показов: 771
Дата создания: 10.03.2023 12:03:41