Облыс судьялары 2013 жылы 26 мың істі қарады
Тұрғын үй және отбасы дауы, әсіресе балалары үшін әкелерінен алимент өндіре алмай сотқа жүгінетін әйелдер саны артқан. Банктен алған несие мен мемлкеттік сатып алу төңірегіндегі даулар да сотта ең көп қаралған істердің бірі. Өткен жылды қорытындылаған облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов осылай деп мәлімдеді. Фемида өкілдері өткен жылы толық қарап аяқтаған істердің саны -26 мыңнан астам. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға артық. Ең көбі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қозғалған істердің дені- мас күйінде немесе есірткіге елітіп, көлік жүргізгіндер мен ұсақ бұзақылық жасағандарға қатысты. Облыстық сот төрағасының айтуынша әкімшілік құқық бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда 20,8 пайызға өскен. Облыстық сотта қаралған қылмыстық істер саны азайған. 1116 адам істі болып, сотталған. Олардың көбісі- ұрлық, тонаушылық, бұзақылық, денсаулыққа қасақана ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіру баптары бойынша жазаланғандар. Бүгінде облыстық сот жүйесінде 97 судья еңбек етеді. Дегенмен, судьялардың азаматтық істерді қараудағы жүктемесі әлі де үлкен. Республикалық жүктеме деңгейімен салыстырғанда біздің облыс 9-шы орында тұр. Сот корпусының 50 пайызын- әйелдер құрайды. Өрескел қателік жіберген судьяларға дауыс көтеріп, айқайлай алмаймыз. Барлығы істің жүргізілуін бағалауға байланысты. Егер қателік болса, біз судьяның лауазымына сай болуы керектігін айтып, жоғарғы соттағы қазылар алқасының назарға алуын сұраймыз,-дейді Нұрсапа Примашев. |
Количество показов: 1772
Дата создания: 13.02.2014 18:41:30