Облыс прокурорлары былтыр 100 мүгедектің құқығын қорғады
Облыс прокуратурлары өткен жылды қорытындылап, брифинг өткізді. Құқық қорғау органдарының ықпал етуімен мемлекет қазынасына 7,5 миллиард теңге құйылды.Облыстық прокуратураның ықпалымен жекелеген тұлғалардың құқығын қорғауға қатысты өткен жылы ауқымды істер атқарылған. Атап айтсақ 17 мың азаматқа жасалған заң бұзушылық қаралып, тиісті шешімін тапқан. Санамалай айтсақ жалақысын кем алғандардың еңбекақысын өндіріп беру, бір компанияда қызмет ететін отандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысын теңестіру, тұрғындардың мөлшерден артық төленген ақыларын қайтару секілді шаруалар еңсерілген. Ал биыл кәсіпкерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға басымдық берілмек. 2012 жылы "Прокуратура әлеуеті - мүмкіндігі шектеулі жандардың қамы үшін" деп аталған өңірлік жоба негізінде 2 мыңнан астам мүгедектің құқығы қорғалып, оларға тиесілі 10 миллион теңге өндіріліп берілген болатын. Ал 2013 жылы 100 мүгедектің құқығы қорғалған. Әлбетте жоба мүгедектердің ақысын жегендерді анықтап, жазалаумен шектелмейді. Мұнан бөлек бағдарламада оларды жұмысқа орналастыру жайы қарастырылған. Сондай-ақ ендігі жылдан бастап "Кедергісіз кәсіпкерлік" бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге де кеңінен қолдау көрсетілмек. Прокурорлар 2013 жылы 243 кәсіпкердің құқығын қорғап, 55 адамды жауапкершілікке тартыпты. |
Количество показов: 1917
Дата создания: 30.01.2014 18:45:14