Облыс әкімі ғимараттардың қасбетіне қатысты сын айтты
Ауыл мен қалада тұрғызылатын білім, мәдениет, денсаулық сақтау нысандарының ғимараты аула ішіндегі сарай сияқты. Еш идея жоқ, жобалаушылардың білігі жетпейді. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мектеп, амбулатория, клуб құрылысы кезінде ескі әдістен арыла алмаған облыстық құрылыс және сәулет басқармасын сынға алды. Ақтөбеде білім беру саласы бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоспар бойынша биыл 8500 балаға арналған 20 мектептің құрылысы басталуы тиіс. Биыл 14 құрылыс жұмысы аяқталып, алтауы 2018 жылы пайдалануға беріледі. Облыстық құрылыс және сәулет басқармасының есеп беру жиынында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аудан, ауылдағы мәдениет, білім, денсаулық сақтау нысандарының сырт келбетіне ренішін білдірді. Тіпті, идея жоқ болса, интернеттен көшіруге болатынын айтты. Есеп беру жиыны кезінде қала әкімі Ілияс Испанов Астанада қорғап, нүктесі қойылған қаланың бас жоспарындағы аудан аты да Бердібек Сапарбаевқа ұнамай қалды. Қазіргі Батыс-2 ауданын "Ақтөбе Сити" деп атап, үшінші ықшам ауданды салуы тиіс билік ойын күрт өзгертті.
Сонымен, Батыс-3 ауданы 100 мың адамға шақталады. Жыл сайын 33 миллиард теңге салынып, Ұлттық қордан 19 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді деген жоспар бар. Республикалық бюджеттен 5, жергілікті қазынадан 9 жарым миллард теңге игерілуі мүмкін. Сөйтіп, қаланың орталығына, әкімшілік ауданға айналуы тиіс. Айта кетейік, жоспар бойынша биыл облыста барлығы 650 шаршы метр тұрғын үй тапсырылады. "Нұр Ақтөбе" мен "Батыс" ықшам ауданындағы тұрғын үйлер "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", Қазақстан ипотекалық компаниясы, "Бәйтерек" компаниялары арқылы салынады.
Количество показов: 1665
Дата создания: 06.02.2017 19:29:40
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>