Облыс әкімі белсенді аруларды марапаттады
Бүгін облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген 300-ге жуық ардагер аналар мен қыз-келіншектер облыс әкімінің марапатына ие болды. Әртүрлі салада қажырлы еңбек етіп жүрген тағы 11 нәзік жандыға ақшалай сыйлық пен алғыс хат табысталды. Мереке соңы "Арайлы Ақтөбе" фольклорлық ансамблінің концертімен жалғасты. Облыс әкімінің құттықтауынан бұрын мерекеге келгендерге жас қолөнер шебері Әсел Хайрулланың "Бақыт элементтері" атты киізден басылған киім топтамалары көрсетілді. Әсем киімдерді модельдік агенттіктің сұлулары киіп шықты. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өткен "Ақ тілекпен асыл жанды аруларға" атты мерекелік шараға бүгін 300-ге жуық әйел қатысты. Барлығына гүл шоқтары мен әтір сыйлыққа берілді. Және облыс әкімі өз құттықтауын жолдады. Және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан 11 нәзік жандыға ақшалай сыйақы берілді. Олардың арасында Қандыағаш қаласындағы № 2 орта мектептің 10 сынып оқушысы Диана Ведюшкина бар. Ол 5 жылдан бері пауэрлифтинг спортымен айналысады. Былтыр Чехияда өткен әлем чемпионатында жүлдегер атанған. Және Азия чемпионы. Марапатқа ие болғандар қатарында сондай-ақ Хромтау тау-кен колледжінің директоры Бағдашжан Молдашева, Достық үйінің "Ариран" вокалдық корей ансамблінің көркемдік жетекшісі Ангелина Югай, көп балалы ана, "Алтын алқа" иегері Дәмелі Ермағанбетова да бар. Ақтөбеде мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 2571. Облыстағы мемлекеттік органдарда 92 әйел басшылық қызметте отыр. Шағын және орта бизнес саласында да көптеген нәзік жандылар еңбек етуде. |
Количество показов: 2214
Дата создания: 06.03.2013 19:10:51