Облыс әкімі ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар берді
Кеше «Нұр ғасыр» мешітінде облыс әкімі ораза тұтқан мұсылман жамағатқа арнап дастархан жайды. Ауызашарға мемлекеттік қызметкерлер, аудан, қала мешіттерініњ бас имамдары, медресе ұстаздары барлығы 120 адам шақырылған. «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасына жиылған жамағат ауыз ашып, асқа қол салмастан бұрын облыстың бас имамы Әбдумүтәлі Дәуренбек құран оқып, бата берді. Ауызашарға келгендер ораза тұтып жатқан мемлекеттік қызметкерлер, облыс деңгейіндегі бас имамдар, медресе ұстаздары. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде Хәнәфи мәзхабын насихаттауға үлес қосып жүрген бірқатар азаматты марапаттады. Шалқар ауданының бас имамы Нұрлыбек Тәкеевке алғыс хатпен қоса үлкен қажылыққа сертификат берілді. Ал Хромтау ауданының бас имамы Алмат Әлиев пен Ембі қаласыныњ бас имамы Мәдияр Қалдыбековтерге ұялы телефондар сыйға тартылды. Мұсылмандық 5 парызының бірі - ораза 27-шілдеге дейін жалғасады. Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң үлкен қажылық басталады. Биыл Қазақстаннан қажылыққа 5 мың адам аттанады.
Количество показов: 2225
Дата создания: 06.07.2014 16:09:53