Облыс әкімі Алға, Мұғалжар ауданы әлеуетімен танысты
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өткен сенбіде жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барды. Өңір басшысы алдымен Ақтөбе-Қандыағаш тас жолының құрылыс алаңында болды. Жол 4 жолақты болып кеңейтіліп жатыр. Құрылысқа екі компания тартылған. Қараша айының соңына дейін жолдың бір жағы пайдалануға берілуі тиіс.Жолдың Алға ауданының Тамды ауылына қарай, яғни 11-ден 52-ші шақырымға дейінгі бөлігін «SineMidasStroy» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып жатса, Тамды мен Қандыағаш арасында, 52-ден 100-ші шақырымға дейінгі бөлігінде «AссанаДорСтрой» компаниясы жұмыс жасап жатыр. Атырау қаласына қарай қатынасты жеделдететін жол құрылысының бір бөлігі аяқталуға жақын. Жоба 2023- жылдың қараша айында тапсырылады. Одан бөлек, Қандыағаш қаласында жаңа мәдениет үйі бой көтеруі керек. Мұғалжар ауданы орталығындағы ескі мәдениет үйін аралараған аймақ басшысы аудан әкіміне осындай тапсырма жүктеді. Жаңа мәдениет үйінің құрылысына қажет қаржы келер жылдың бюджетіне енгізілмек. Мәдениет үйі 400 орынға шақталады. Сапар аясында облыс әкімі аудандық аурухана жұмысымен танысты. Өткен жылы күрделі жөндеуден өткен ғимараттың қасбеті мен ішкі бөлігі толық жаңартылған. Қазіргі таңда мұндағы дәрігерлер телемедицина арқылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеттің кафедраларымен байланысып, науқастарды емдеу кезінде білікті мамандардан кеңестер алып тұрады.
Ауруханаға жаңа цифрлық рентген аппараты алынған, компьютерлік томография жұмыс жасап тұр, келесі жылы флюорография аппараты сатып алынбақ. Облыс әкімі аурухана емделушілеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында мекеме ауласында абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Серуендеу аймағын жасап, авто тұрақ салу, тротуарлар төсеп, орындықтарды, жарық шамдарды орнатуды тапсырды.Ауданға сапар соңында өңір басшысы Ералы Тоғжанов Жұрын-Қаракөл ауылдарын жалғайтын жолда жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын барып көрді. Жұрын мен Қаракөл аралығында жол жөндеп жатқан мердігер аталған жұмысты жоспар бойынша 9 айда аяқтауы тиіс. Құрылыс жұмыстары кеш басталғандықтан қазір уақытынан кешіктіріліп жатыр. Мердігерден мән-жайды анықтаған облыс әкімі биылға жоспарлаған жұмысты өз уақытында аяқтау керектігін баса айтты. Аудан әкіміне бірқатар тапсырма берген Ералы Тоғжанов ауыл тұрғындарын ынталандырып, еңбекке баулу мақсатында тұрғындар арасында «Үздік аула» байқауын ұйымдастыру керектігі туралы ұсыныс тастады. Үздік шыққандарға қосымша жер беріп, әрі қарайғы шаруасына көмектесу қажет, — деді облыс әкімі.
Количество показов: 614
Дата создания: 19.09.2022 19:43:27
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>