Облыс әкімі «Ақтөбе» ойыншыларын қабылдады
«Ақтөбе» футбол клубы үшін жылан жылы аса нәтижелі болды. Еуропа Лигасында алғаш рет плей-офф кезеңіне дейін жеттік. Ел чемпионы атағы бізде. Наурызда Супер кубок үшін «Шахтермен» таласқа түсеміз. Осы маусымда ел біріншілігінде ерекше көзге түскен - 18 жастағы шабуылшы Абат Айымбетов. Ақтөбе футбол мектебінің тәрбиеленушісі Шымкенттің «Ордабасы» клубымен өткен соңғы матчта шешуші голды соғып, «Ақтөбеге» чемпиондықты алып берді. «Ақтөбе» футбол клубы келесі жылы Еуропаның үздік 150 клубы қатарынан көрінсін. Жергілікті командамен кездескен аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов футболшыларға осыны міндеттеді. Облыс әкімі клубқа ел біріншілігіне қатысты әзір ешқандай тапсырма бермейтінін, ал, еуротурнирде міндетті түрде жақсы ойын көрсету керектігін айтты. Қазір команда 90 пайызға жасақталған. Клубтың белді ойыншылары: Андрей Сидельников, Тимур Кападзе, Петр Бадло, Марат Хайруллин мен Александр Гейнрихтер қатарда қалды. Екі ойыншы: «Ертіс» пен «Астанадан» ауысқан Павел ШабалИн және Валерий Коробкинмен келісім-шарттар жасалды. Клуб тағы 2-3 жаңа аяқдопшымен күшейтілуі керек. Архимед Мұхамбетов жылды үздік аяқтағаны үшін команда мүшелері мен бапкерлер құрамының әрқайсысына швейцарлық «Тиссот» сағатын тақты. Чемпиондар бүгін елдеріне тарасты. Олар 6-қаңтарға дейін демалады. Ал, 6-22 қаңтар аралығында «Ақтөбе» клубы Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Алда, ҚР Супер Кубогы үшін талас пен жаңа маусым күтіп тұр. |
Количество показов: 1862
Дата создания: 27.12.2013 18:37:49