Облыс бюджетінен үнемделген қаражат қайта бөлінді
Жыл басында жоспарланған облыс бюджетінен 748 млн 568 мың теңге үнемделді. Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясында аталған қаражаттың қай мақсатқа жұмсалатындығы мәлім болды. Биылғы бюджет шығысы қысқарды. Енді халық қалаулылары үнемделген 748 млн 568 мың теңгенің шашауын шығармай тиісті салаға жұмсалуын басты назарда ұстауы тиіс. Қаржаубай Ыбырайымұлы кешегі өткен экономика қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында мемлекеттік тілде баяндама жасаған болатын. Дәл осы деректерге сүйене отырып. Алайда мемлекеттік қызметкердің бүгінгі бет алысы облыстық мәслихат депутаты Мейіржан Өндіргеновтің көңілінен шықпады. Айта кету керек, ауыл шаруашылығы басқармасына жыл аяғына дейін 2 млн 730 мың теңге қаражат бөлу көзделіп отыр. Облыстық мәдениет басқармасына 43 млн 681 мың теңге тиесілі. Өңіріміздің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына 83 млн 862 мың теңге бағытталады. Бұл қаражатқа Алға ауданына қарасты Қарақұдық ауылына газ құбыры өткізіледі. Маржанбұлақ ауылын ауыз сумен қамтитын нысандар салуға 5 млн теңге қаражат жұмсалады. |
Количество показов: 2088
Дата создания: 01.11.2013 19:24:31