Облыс басшысы Ералы Тоғжанов өңір кәсіпкерлерімен кездесті
Бүгін облыс басшысы Ералы Тоғжанов өңір кәсіпкерлерімен кездесті. Жиын "AMANAT" партиясы филиалы ғимаратында өтті. Шарада кәсіпкерлер аймақ басшысымен өз мәселелерімен бөлісіп, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ кездесу аясында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтті.Облыс басшысы мен кәсіпкерлер жиыны "еркін микрофон" форматында өтті. Кездесуде өңір басшысы Ералы Тоғжанов шағын және орта бизнесті қолдап, қоян-қолтық жұмыс жасауға дайын екенін жеткізді. Биыл облыста ұлттық жоба аясында 2600-ден астам жоба қолдау тапқан. Ақтөбе қаласы мен Хромтау қаласын дамыту мақсатында кәсіпкерлерге 3 пайызбен несие ұсынылмақ. Бұл өңірдің дамуына үлес қосамын деген азаматтарға беріліп отырған мүмкіндік. Өңірде құс өсірумен айналысу бизнесі 8 пайызды құрап отыр. Дегенмен халықты өніммен қамтамасыз ету деңгейі төмен. Сондай-ақ жиында мектеп асханаларының жұмысын жүргізіп отырған кәсіпкерлер оқушыларды тегін түскі аспен қамтамасыз етудің бекітілген бағасын көтеруді сұрады. Азық-түлік қымбаттап жатыр. Сондықтан олар әр оқушыны 507 теңгеге сапалы тағаммен қамти алмайтынын жеткізді. Мәселе келесі жылға арналған бекітілген есепті ескере отырып қайта қаралатын болады. Сондай-ақ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалы тарапынан өңірде газ құбырларының тапшылығы бары айтылды. Сондықтан жиында аудандар мен кәсіпорындарды газбен қамту үшін газ желілерін салу ұсынылды.
Жиында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нахыпбеков кәсіпкерлерді қорғау экожүйесін құру жобасын ұсынды. Бұл арқылы кәсіпкерлер "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекетпен өз проблемаларын тікелей шеше алады. Кездесу аясында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтті. Кәсіпкерлер өз өнімдерін аймақ басшысына таныстырды. Айта кету керек өткен жылда өңірде өндірілген өнім көлемі шамамен 479 млрд. теңгені құрады. Одан түскен салық көлемі 47 млрд теңге.
Количество показов: 606
Дата создания: 10.10.2022 20:43:12
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>