Облыс аумағында биыл республикалық маңыздағы тас жолдарды жөндеу бойынша 4 жоба жүзеге асып жатыр
Сонымен қатар, "Самара-Шымкент", "Ақтөбе-Орал" тас жолында және Ақтөбенің солтүстік айналма жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін 4 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінген. Одан өзге, өңірде қыста жолдарды күтіп- ұстауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қар тазалау жұмыстарына 21 арнайы техника бөлініп, 100-ге жуық техника жалға алынған. Баяндамашылар ақылы жолдар бойынша да мәліметпен бөлісті. Біздің облыста екі бағыттағы тас жолда ақы алу жоспарлануда. Ол үшін 6 арка орнатылған. Оның 5-еуі электр желісіне қосылған, ал біреуінде күн батареялары орнатылған. Бұл Орал қаласы бағытындағы "Самара-Шымкент" және "Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынбор)" бағытындағы тас жолдар. Бұл жаңашылдық аталған жолдардағы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін енгізіледі.
Количество показов: 862
Дата создания: 03.11.2021 17:46:52