Пандемия өршіген кезде өңірімізге инвестиция тарту бәсеңдеп қалды. Биыл жұмыс қайта жанданып, соңғы сегіз айдың ішінде Ақтөбеге 502 млрд. теңге инвестиция бағытталған. 2026 жылға дейін бұл көрсеткішті 7,2 триллион теңгеге жеткізу көзделіп отыр. 12 жаңа жоба дайын. Шетелдік инвесторлар облысымыздың кен өндріу саласынан бөлек, ауылшаруашылығы саласына да қызығушылық білдіріп отыр, дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасындағылар.Облыста 1098 кәсіпорын бар. Оның 728-і өңдеу өнеркәсібі. Онда 80 мыңнан астам адам еңбек етеді. Ішіндегі ең ірісі "Казхром" трансұлттық компаниясы, Дөң кен байыту зауыты мен Рельс арқалық зауыты. Мұндағы жұмысшылардың орташа жалақысы 337 мың теңге, дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы Қуандық Қасымов. Өңіріміздегі өндіріс орындары ішінде өнеркәсіп саласы 41, 8 пайызды құрайды. 2022 жылы 90 млрд теңгеге 33 жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Биыл тек 12- сі дайын болды. Инвесторларды тарту мақсатында өңірдегі бос алаңдар, жер учаскелері мен пайдалы қазбалары мен инфрақұрылымдары көрсетілген инвестициялық карта жасалған. Шетелдіктердің дені өнеркәсіп саласына қызығып отыр. Ауылшаруашылық саласына да қатысты келіссөздер жүргізілмек.
Айта кетейік, Ақтөбе республикада аумағы бойынша ең үлкен облыстардың бірі. Игерілмей жатқан жер телімдері жетерлік. Мәселен, жыл басынан бері облыс бойынша 203 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылған. Тағы 290 мың гектар жер жыл соңына дейін қайтарылуы тиіс. Ал құрылыс саласы импортқа тәуелді. Құрылыс материалдарының 90 пайызы шетелдік. Өңірімізге осы секторды қамтитын кәсіпорындар керек, дейді мамандар.
Количество показов: 630
Дата создания: 21.09.2022 23:46:32
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>