Қобдадағы масқара
Тәртіптің кеңес мүшелерінің алдында күмілжіген Бердібек Әмірғалиев қос қызметкері Әмірғалиев пен Бәйменовтің бұл уақытқа дейін теріс қылықтарын байқамағанын айтып ақталды. Мемлекеттік қызметкерлер қарапайым маманнан бас маманға дейін көтерілген. Жұмысқа тиянақты, артық қылықтарын көрсетпеген. Аудандық бөлім басшысы әдепсіздік көрсеткен қызметкерлерін 24-ші қыркүйек күні жұмыстан босатады. Бүкіл облысқа жария болған жағдайдан кейін аудандық бөлімнің басшысы Бердібек Әмірғалиевтің өзі де жұмыстан босатылады. Бүгін тағы қатаң сөгіс алды. Тағы бір ескеретін жайт - ай сайын өтіп тұратын әдеп жөніндегі кеңесте баяндамалар тек қана ресми тілде дайындалады. Көбінесе аудандық қызметкерлердің мәселесі көтерілетін мұндай жиындарда аудиторияға қазақ ұлтының өкілдері жиналады. Ауызекі тілдесу, сұрақ-жауап мемлекеттік тілде өрбігенмен жауапты тұлғалар баяндамаларды мемлекеттік тілде даярлауға құлықсыз.
Количество показов: 843
Дата создания: 06.11.2019 18:40:06