Қобда ауданындағы бірқатар ауылдың жолы тегістеліп, газ келді
Қобда ауданындағы бірқатар ауылдың жолы тегістеліп, газ келді. Аудан іргесіндегі Жиренқопа ауылында әйгілі Қобыланды батыр мемориалдық кешені орналасқанын әрбір ақтөбелік біледі. Осыдан 12 жыл бұрын ашылған кешенге туристер жиі келеді. Өткен демалыс күндері облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудан тұрғындарымен кездесті. Әкім ауданды бір күн бойы аралап, тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдады. Бірнеше нысанның ашылуына қатысты. Аймақ басшысы ат басын бұрған алғашқы нысан "Сұңқар-7" шаруа қожалығы болды. Бұлақ ауылдық округінің маңында орналасқан қожалық биыл облыстық қазынадан мал басын көбейту бағдарламасы арқылы субсидияға қол жеткізген. Мемлекеттен берілген қаржыға жылына мың бас мал қолдан ұрықтандырылмақ. Қой басын көбейтуді қолға алған жеке шаруашылық биыл 3200 гектар жерге майлы дақылдар еккен. Егіс алқабымен бірге, малға қажетті күздік бидай да жинап отыр. Қобда ауданында биылдыққа ірі қара мал басы 50 мыңға артқан. Ұсақ мал саны 40 пайызға көбейіп отыр. Қамбар атаның тұяқты тұқымы 12 мыңға көбірек құлындаған. Бұл жақсы көрсеткіш. Оңдасын Оразалин "Әлия" ауылындағы учаскелік инспектор Нариман Ульяновтың екі бөлмелі пәтерінде қонақта болды. Жақында қызметтік баспанасына қол жеткізген полицей ауылға жас мамандарды көптеп тарту мәселесін қолдайды. Сондай-ақ, бұл күні Қобда ауданында мұражайлардың саны тағы біреуіне толықты. Әлия Молдағұлованың атына жаңа мұражай ашылды. Ауданның туристік бағытына мән берген өңір басшысы мұндай көрсеткішті өзге де аудандар басшылыққа алуы керектігін баса айтты. Әсіресе Мәртөк, Ойыл аудандарының туристік мекенге айналатын уақыттары жетті деген болжам жасады. Өткен сегіз айда Талдысай ауылындағы екі көшенің жолы күрделі жөнделген. 1755 метр болатын екі көшеге "Информстройсервис" ЖШС-гі жарық шамдарын да тартып берген. Ауыл тұрғындары дән риза. Айта кетелік, "Агросити" шаруа қожалығы аталған ауыл маңында 10 гектар жерге көкөніс еккен. Биыл ғана құрылған шаруашылық мол өнім алып отыр. Артылған көкөніс аудан тұрғындарына да жетті.
Аумағы 14 мың шаршы шақырымға созылып жатқан Қобда ауданының құрамында 31 елді мекен бар. Агломерация аймағына 11 елді мекен кіреді. Сарбұлақ ауылына газ құбыры биыл тартылып отыр. Ауданға жұмыс сапары барысында өңір басшысы өрт сөндіру бекетінің жұмысымен танысты. Бекет иелігінде 25 тонналық көтергіш кран көлігі мен қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға қауқарлы "Триколь" көліктері бар. Өрт сөндіру бекеті 152 млн теңгеге бой көтерген. Облыс әкімі сапарының соңында қатты тұрмыстық қалдықтар қабылдайтын полигонның жұмысымен танысты. "Абзиком" ЖШС-гі тұрғызып жатқан кешен құрылысы биылғы жылдың қараша айында аяқталмақ. Қалдықтар қайта қалыпқа келтірілетін кешенде болашақта 15 адам жұмыс атқармақ. Үлкен кешеннің әлеуетімен танысқан облыс әкімі аудандағы әлеуметтік нысандардың жандануына оң бағасын берді. Аудан әкіміне елді мекен тұрғындарын көбірек жұмысқа тарту мәселесін қадағалауды тапсырды.
Количество показов: 664
Дата создания: 13.09.2021 18:57:54
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>