Қобда ауданында 102 үй салынады
Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға 200-ден астам жер телімі дайын. Қобдада да жаңа үйлер салынатын жер учаскелері анықталды. Қобда ауылында 102 үй, Жарық ауылында 27 үй салынбақ. Аудан әкімі құрылыс жұмыстары 2 айдың ішінде жүзеге асырылатындығын айтты. Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереевтің айтуынша, Қобдада су басқан үйлердің техникалық жағдайын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа үйлер сондай-ақ, Ойыл, Әйтеке би, Темір және Ырғыз аудандарында да салынады. Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Президент су тасқынына қарсы күрес амалдарының атқарылу барысын және апаттың алдын алу жұмыстарының жүргізілуін қадағалап, әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болатынын тілге тиек етті.Количество показов: 281
Дата создания: 18.04.2024 06:10:42