Қобда ауданынан су шығару үшін Самара-Шымкент тас жолы жырылды
Қобда ауданында 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, бір кафе су астында қалды. Адамдар эвакуациялық пунктке көшірілген. Ауылдағы қарғын суды шығару үшін "Самара-Шымкент" тас жолы жырылған. Қазір жүргізушілерге Орал-Қобда-Ойыл-Шұбарқұдық-Ақтөбе бағытымен қатынай тұру ұсынылды. Бұл "Самара-Шымкент" тас жолының 613-ші шақырымы. Дәл Қобда ауданының тұсы. Ауылға жиналған қызыл суды өткізу үшін республикалық маңызға ие тас жолды жырудан басқа амал қалмаған. Көлік жүргізушілеріне уақытша Орал-Қобда-Ойыл-Шұбарқұдық бағытымен қатынай тұруға ұсыныс жасалған. Ал тас жолдың қопарылған бөлігі өңірде су тасқыны қаупі сейілгеннен кейін ғана қалыпқа келтіріліп, көлік қозғалысы қайта жанданады. Қобда ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 техника, 123 адам жұмылдырылды.Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылына да еріген қар суы кірді. Тұрғын үйлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қауіп жоқ. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері өңір орталығы мен аудандардан мың жарымнан аса өтінім қабылданып, барлығы пысықталды. Бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 181 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылды. 26,1 шақырым арық тазартылды, 4 972 текше метр инертті материал әкелінді, 3 320 дана қап төселді, елдімекендерден 524,9 мың текше метрден астам қар шығарылған. Қосымша 138 ассенизатор тартылды.Количество показов: 712
Дата создания: 14.03.2023 11:46:20