Оқытушылар семинар-практикумға қатысты
Білім мекемесінде 500-ге жуық шәкірт тәрбиеленуде. Ақтөбе сервис колледжі өңірдегі жетекші және сұранысқа ие колледждердің бірі. Мұнда қазақ және орыс тілінде қызмет көрсету саласындағы аспаз, кондитер, тігінші, пішуші, сатушы мамандарын дайындайды. Оқыту күндізгі оқу түрі бойынша жүргізіледі. Түлектердің жұмыспен қамтылуы 93 пайызды құрайды.Семинардың мақсаты кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңартылған білім мазмұны негізіндегі оқу-тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру, инновациялық технологияларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдері, «Жас маман» жобасы аясында заманауи жабдықтарда жұмыс жасау мүмкіндіктері бойынша іс - тәжірибе алмасу.
Семинар барысында «Жаңартылған білім негізінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Дуальды оқыту-заман талабы», "Өндірістік оқыту шебері", "Демоэкзамен-оқыту нәтижелерін бағалаудың инновациялық түрі" тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, өндірістік оқыту шеберлері «Жас маман» жобасы аясында ашылған «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімі бойынша заманауи технологияларды қолдана отырып, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу шебер-кластарын көрсетті.
Количество показов: 600
Дата создания: 22.02.2022 18:19:12