Қоқыс полигоны бақылауда
Бүгін түнгі сағат 2-лер шамасында Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Айтай ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигоны өртене бастаған. Қызыл жалын шамамен 1 гектар жерді шарпыған. Жағдайдың ушығуына өрт сөндіру көліктерінің бара алмауы себеп. Себебі, полигон аумағындағы шұңқырлардың тереңдіктері 60-70 метр көрінеді. Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Адамдар дін аман. ҚазТАГ-тың хабарлауынша: Қазір өрт жалынын басу үшін қатты тұмыстық қалдықтар жанып жатқан шұңқырларға саз балшықтар үздіксіз төгіліп жатыр. Түтін Алматыға да жеткен. Жерден сөндіру нәтиже бермей, тікұшақтар жұмылдырылды. Тілсіз жау осылай тұтқиылдан тап береді. Ақтөбенің де өз полигоны бар. Ара-тұра бықсып жанып, түтіндейтіні де рас. Полигон аумағы жартылай мемлекеттік, жартылай жеке меншікке өткен. Сондықтан, таңғы сағат 9-дан бастап жұмысына қызу кіріскен жұмысшылардың әрқайсысына арнайы тапсырма жүктелген. Қоқыс тиелген көліктер де жіті бақылауда болғандықтан қоқыс қалдықтары белгіленген шұңқырларға тасталып жатыр. Полигонның аумағына басы артық адам кіргізілмейді. Соңғы екі жылда қоқыстардың өртену дерегі тіркелмеген.
Количество показов: 1422
Дата создания: 16.05.2019 18:21:44