Оқушыларға «Құрбандар» фильмі көрсетілді
Облыстық прокуратураның дерегіне сүйенсек, лаңкестік бабымен сотталған ақтөбеліктер саны 20-дан асады. Бірақ, арасында жасөспірімдер жоқ. Прокурорлар мектеп оқушыларының хиджабтан бас тартуын мұғалімдермен біріге атқарып жатқан істің нәтижесі деп көрсетеді. Бүгін №40-шы орта мектеп базасында "Оқушы жастар арасында діни экстремизмнің таралуына жол бермеу" тақырыбында облыстық семинар өтті. Қатысушыларға алғаш рет "Құрбандар" деректі фильмі көрсетілді. Фильмде баяндалатын оқиғалар шынайы өмірден алынған. Қазіргі уақыт. Қоғамның бір көрінісі. Ал кейіпкерлер лаңкестік бабымен сотталып, түрмелерде жазасын өтеп жатқан жастар мен олардың ата-аналары. Қазақстанда 14 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар саны 5 миллион. Жастардың 80 пайызы дінге бет бұрған. Елде 9 медресе жұмыс жасайды. Соның бірі Бестамақ ауылында орналасқан Ақтөбе медресесі. Медреседе бұрын теріс ағымның жетегінде кетіп қала жаздаған жасөспірімдер де діни сауат ашып жатыр. Облыста жалпы 91 діни бірлестік тіркелген. 68 мешіт бар. Жастар мен жасөспірімдердің таза діни сауат ашуына, тегін сабақ алуына жергілікті билік те көмек қолын созып тұр. |
Количество показов: 1953
Дата создания: 26.02.2014 18:39:43