Оңтүстік-Батыс ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды
Бүгін Оңтүстік-Батыс шағын ауданында 50 орындық дәрігерлік амбулатория ашылды. Жаңа ғимараттың алаңына жиналған ауыл тұрғындарын, дәрігерлер мен медбикелерді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері құттықтап барды. 300 шаршы метр ғимарат құрылысы белгіленген мерзімде біткен. Амбулаторияда енді Оңтүстік-Батыс ауданының тұрғындары күндіз ем қабылдайды. Жалпы сметалық құны 71 миллион теңгеге шыққан бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы - 300 шаршы метр. Жаңа амбулаторияда тұрғындардың денсаулығын бақылау мақсатында медициналық бөлме, ультра-дыбыстық зерттеу қондырғылары, физиотерапия бөлмелері, балалар дәрігерінің, акушер-гинекологтың қабылдау кабинеттері мен зертхана бар. Оңтүстік-батыстықтар осыған дейін қаладағы емханаларға қатынап келіпті. Аз ғана уақыттың ішінде заманауи стандарттарға жауап беретін жаңа ғимараттың бой көтергені тұрғындар үшін үлкен қуаныш болды. Айта кетелік, жыл басынан бері облыс бойынша осындай 9 дәрігерлік амбулатория ашылған. Барлығы қала маңындағы елдімекендерде. Соңғы бес жылдың өзінде облыста 100-ден аса денсаулық сақтау нысаны бой көтеріпті. Әсет Қалиевтің айтуынша, "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша облыста алда 50 емхана салу жоспарда бар. Алдағы қараша және желтоқсан айларында 500 орындық екі емхана пайдалануға берілмек. |
Количество показов: 2030
Дата создания: 30.10.2013 19:41:45