Оңтүстік-Батыс-2» ауданында 900 орындық мектеп салынады
Келесі жылы «Оңтүстік-Батыс-2» ауданында «Қолайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық мектеп салынады. Сондай - ақ, биылғы жылы «Оңтүстік Батыс-1,2» тұрғын алаптарында балаларға арналған ойын және спорт алаңдары мен жаяу жүргінші жолдары салынып, көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылады. Бұл туралы бүгін "Астана" ауданының әкімі Айбек Купенов тұрғындармен кездесуде айтты.Биыл «Оңтүстік- Батыс-1», "Оңтүстік-Батыс-2" тұрғын алаптарындағы 33 көше жарықтандырылады. Сонымен қатар, 26 көшеде автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтеді. Әзірге автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты жобалық - сметалық құжат әзірленіп, қаражат мәселесі қарастырылып жатыр.Әкімнің есеп беру жиынына келген тұрғындар көктемгі су тасқынымен күрес жөнінде сұрады. Қурайлы ауылына жетпей орналасқан 39 - шы бекет тұрғыны Қайрат Көшкінбаев тұрып жатқан аймағы күн күрт жылып кетсе, суға кетеді деп алаңдаулы. Биыл қалада қызыл сумен күреске жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деді Айбек Купенов. Айта кетейік, былтыр "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша «Оңтүстік Батыс- 2» тұрғын алабындағы И. Тайманұлы көшесі мен №10 - шы орта мектепке дейін жаяу жүргінші жолы салынды. Жоба құны 7 млн 715 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, аталған аймақта Қызылжар көшесінде балаларға арнап ойын алаңы орнатылған болатын.
Количество показов: 736
Дата создания: 02.03.2023 16:14:47