Оқ атқан студент 4 жылға сотталды
Былтыр бір топ студентке шолақ мылтықтан оқ жаудырған Ақтөбе заң институтының екінші курс тыңдаушысы төрт жылға сотталды. Жазасын жалпы тәртіптегі абақтыда өтейді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Бас бостандығынан айырылған Мағжан Төлеужанов төбелес кезінде 16-шы калибрлі шолақ мылтықтан оқ жаудырып, нәтижесінде үш студент пен полиция майоры жарақат алған. Төбелес оңтүстік өңірлерден келген студенттер мен ақтөбелік тыңдаушылар арасында туындаған. Сот институт басшылығына тәрбие жұмысына нашар көңіл бөліп, тыңдаушылар арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбегені үшін ескерту жасады. |
Количество показов: 2027
Дата создания: 16.04.2014 18:36:19