Шаһардың қоғамдық көліктері қысқа қаншалықты дайын? Қысқы дизель отыны құйыла ма? Доңғалақтары ауыстырылған ба? Техникалық тексерулерден өткен бе? Бізде күн райы әлі біршама жылы болғанымен, басқа қалаларда қар жауып, жолдар көктайғақ болып жатыр. Күні кеше әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласын ақ ұлпаның басып салғаны тарап үлгерді. Қысқа әлі дайын емес көліктер жолда қалды. Осыған байланысты қаланың қоғамдық қатынасқа жауапты мекемелері күнделікті сапарға шыққанда қауіпсіздікті сақтап, қамдануды күшейткен. Кешелі бері дәл осы "Автопарк" ЖШС-нің ауласындағы барлық көліктер тексеруден өткен. Күнделікті айналымға 150 автобус жіберіледі. Сондықтан сапарға шығар алдында сақтық шараларын барынша ескеруде. Күн суыта автобустарға қысқы дизель отыны құйылады. Өйткені жаздық жанармай аязда қатып қалады. Оған қоса көліктің техникалық жағдайы талапқа сай болуы керек. Ондай олқылықтың соңы қоғамдық көліктің жолда қалуына соқтырады. Бірақ елімізде осы дизель отынына байланысты қалыптасып отырған жағдай бұл мекемені де айналып өтпеген. Талонға қатысты қиындықтар бар. Сондай-ақ, жолаушылар қатынасына жауапты мекеме ең бірінші кезекте автобус жүргізушілерінің денсаулығын тексермей, жолға жібермейді. Автобустар жылы болу үшін пештері тексеріледі.
Жалпы қала бойынша үш мекеме жолаушылар тасымалына жауапты. Қалған екі мекеме де қазірден бастап қысқа дайындық жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Күнделікті қала жолдарына 500-ден аса қоғамдық көлік жіберіледі.
Количество показов: 1078
Дата создания: 05.10.2021 20:16:19
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>