Қоғамдық көліктегі тәртіп көңіл көншітпейді
Қазіргі таңда қалада 200-ге тарта автобус жүріп жатыр. Ал қоғамдық көліктегі тәртіпті тексеру үшін 11 бақылаушы жұмылдырылған. 1 адам 1 сағатта 3 автобусты ғана тексеріп үлгереді. Алайда ол жеткіліксіз. Барлық автобусты ұдайы тексеріп отыру үшін кемінде 20-30 адам керек. Қазіргі таңда кадр жетіспеушілігі мәселесін шешудің жолдары қарастырылуда, дейді Қанат Дженгалиев. Жол ақысын төлеуден жалтарған немесе толық төлемеген жолаушыға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал жолаушылардан қолма- қол ақы талап ететін кондукторлар мен жүргізушілер 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл өтейді. Жыл басынан заңды бұзған 15 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Количество показов: 832
Дата создания: 09.02.2022 20:28:40