Немересі әжесін қарттар үйінен алып кетті
Қарттар үйінде бұрын-соңды болмаған оқиға. 77 жастағы тұрғын Маргарита Соколованы бүгін немересі өз үйіне алып кетті. Кейуана қарттар үйіне былтыр қыркүйек айында орналастырылған. Мәртөк ауданының тумасы. Бір ұл, екі қызы бар. Қыздарының бірі - Белорусьте, екіншісі Ресейде. Ұлы осында тұрады, бірақ, келіншегі анасымен араластырмай қойған. Өмір бойы қиындық көріп келген қария ақыр соңында қарттар үйінен тыныштық тапты. Зейнеткерді енді үлкен қызынан туған немересі - Снежана бағамын деп отыр. 27 жастағы келіншектің күйеуі, кішкентай қызы бар. Көзі нашар көретін әжей шөбересін ойнатуға асық. Қарттар үйі 1973 жылдан бері қызмет етіп келеді десек, интернатты паналаушылардың өз үйіне оралуы бірінші рет бүгін. Былтыр марқұм болып кеткен бір қарияның немерелері аталарының бейіті орналасқан жерді сұрап келген. Мекеме басшылығы бұрын-соңды болмаған бүгінгі оқиғаны өзгелерге үлгі ету керек деген пікірде. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернатты қазір 293 адам мекен етеді. Олардың 60 пайызының ешкімі жоқ. |
Количество показов: 1734
Дата создания: 10.04.2014 18:04:55