Наурызнама: Ұлттық киім күні
Бүгін Ерекше мейрам яғни, Ұлттық киім күні.Бұл мереке халқымыздың ұлттық мұрасын жаңғыртып, дәстүрлі киім мәдениетінің құндылығын дәріптеуге арналған. Осыған байланысты Т.Ахтанов атындағы драма театрының шаңырағында 155 оқушы мен 40 астам студент халқымыздың ұлттық киімін киіп, музыкалық аспаптарын алып шықты.Халқымыздың дәстүрлі киімдерінің терең мәнін ашып, ұлттық мұраны сезінгісі келетін жастар көп. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен бүгін 250 мың нан астам бала ұлттық киім киді. Жалпы өңірімізде 1000 нан астам білім беру мекемесі бар. Бүгін барлық ұйымда салт-дәстүр дәріптеліп, ұлттық киім киіліп, тарихшылардың қатысуымен кездесулер өткен.Бүгін тек қана ұлттық киім киіліп қана қоймады. «Ғұмырнама» атты театрландырылған музыкалық қойылымы көрсетілді. Бұл қойылым адам өмірге келген сәтінен бастап қартайған шағына дейінгі ұлттық киімнің өзгеруі жайында. Әр жасқа жеткен, әр дәуірге өткен адамның киім үлгісі би мен көркем бейнелермен айқындалды.Мұндай шаралардың мақсаты – әр кезеңдегі қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің терең мәнін ашу. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабадан қалған әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезең деуге болады. Бұл күн – ұлттық дизайнның көркемдігі мен салт-дәстүрдің құндылығынан шабыт алатын күн.
Количество показов: 50
Дата создания: 19.03.2025 05:22:29