Наурызда қалада 30 киіз үй тігіледі
Облыс халқы Наурыз мейрамын екі күн тойлайды. Бас шара - Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта өтеді. Киіз үйлер тігіліп, қала тұрғындары мен қонақтары басты дәм - наурыз көжеден дәм татады. Қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалайды. 7 алаңда және 5 қала маңындағы ауылдық жерлерде 30 ақшаңқан киіз үй тігіледі. Арасында 16 қанат киіз үй де бар. 30 үйдіњ он бірі- мерекенің басты алаңына айналған- тұңғыш президент атындағы саябаққа, тутұғыр маңына құрылады. Бұл күні - киіз үйлер тек экспонат рөлін атқарады. Келушілер киіз үйге еніп, бұрынғы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен таныса алады. Ал наурыз көже мен бауырсақтан арнайы құрылған палаткаларға барып, ауыз тиюге болады. Сондықтан, халық арасында "киіз үйден дәм тата алмадым" деген түсініспеушілік болмасын, дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Қорғанбаева. 22 наурыз күні сағат 22.00-де мерекелік отшашу болады. Мерекені тойлау туралы толық ақпарат қалалық әкімдіктің www.akimataktobe.kz cайтында жарияланған. Наурыз көжені әзірлеуге қаладағы 40 дәмхана мен мейрамхана жұмылдырылған. Биыл Наурыз мейрамында республика халқы 5 күн демалады. |
Количество показов: 2088
Дата создания: 17.03.2014 19:28:36