Наурыз мерекесі қаланың 20 алаңында тойланады
Қаламызда 22 наурыз "Ұлысты ұйыстырған Наурыз мейрамы" атауымен 20 - дан астам алаңда тойланады. Басты алаңдарда киіз үйлер тігіліп, концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдар сахналады. Спорттық жарыстар ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық құндылықтары насихатталады. Сондай - ақ, 17 - ші наурыз күні Д. Қонаев пен К. Нокин даңғылы қиылысында Есет Көтібарұлының ескерткішінің ашылу салтанаты өтеді. Наурыз тойын мерекелеуге арналған шаралар туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.Көктем "Алғыс айту" күнінен басталды. Ұлыстың ұлы күні 22 - ші наурызға дейін мерекелік шаралар күнделікті аталып өтеді. Әр күнге "Ризашылық", "Отбасы күні", "Береке" секілді атаулар берілген. Іс-шаралар да әр күннің атауына сай ұйымдастырылады. 14 - ші наурыз - "Көрісу" күні. Ұлыстың ұлы күні қаламыздың 20 алаңында тойланады. Бұл мерекеде отбасылық тәрбие, мейірім, жанашырлық секілді ізгі қасиеттер дәріптеліп, салт - дәстүріміз насихатталады.14 - ші наурыз "Көрісу" күні Тұңғыш президент атындағы орталық саябақта "Көктем басы- көрісу" атты ауқымды көлемде мерекелік шара өтеді. Көрісу күні қаламыздың 20 жерінде аталып өтеді. Бұл күні халық бір - бірімен көрісіп, өткен өкпе реніштерін ұмытып, мерекелік дастарханда бас қосады. 22 - ші наурыз - "Ұлыстың ұлы күні" орталық алаңдарда жиналған халық мерекелік шараның, театрландырылған көріністің куәсі болып, жайылған дастарханнан дәм татады. Кешке Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияда елімізге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
Количество показов: 943
Дата создания: 03.03.2023 12:16:37